Курортқа барған осы жолы, ақпанның 7 шамасында Ақниет шипажайының Люкс номерімен танысып қайттық. Шипажайдың ғимараты негізі жаңа, реконструкция нәтижесінде Люкс номері жасалған.
Ол жер бұрын холл болатын, жаңа ғимарат қосылғаннан соң, кіреберіс сол жерге ауысып, ескі кіреберіс Люкс номерге айналыпты.

Жалпы, бөлменің аурасы, энергетикасы жақсы, ауданы да 30 шаршы метр шамасында. Санитарлық тораптың ауа тартқышы мен ішіндегі жабдықтардың жұмысына сын айта алмадым. Жаңа жөндеуден өткен, ішінде керектің барлығы дерлік бар екен. Қонақтарға сабын, сүлгі, фен беріліпті, алайда бір реттік тәпішке мен тіс щеткасы, шампунь жоқ екен.

Жалпы бөлменің дизайны, жабдықталуы ұнады. Тоңазытқыш пен шкафтар өз орнында, әр тумбаның үстіне шамдар қойылыпты. Шай ішетін сервиздің сапасы, дизайны көңіл қуантты.
Айтпақшы, кереует ортопедиялық матраспен жабдықталыпты. Ұйықтау өте ыңғайлы. Жерге төселген кілемі де еррекше, "жүндес" жұмсақ, маған ұнады. Бөлменің орналасуының бір ыңғайлы жері, Люкс бөлмеден шыққан бетте баспалдақ, тура емдеу бөліміне өтіп кетесіз, онан әрі ресторанға шығасыз.

Балконында үш орындық пен әйнек үстел, оның үстінде күлсалғыш. Таңғы кофе мен темекі шегуге таптырмас жер. Жалпы ұнады.







