


Санаторлық демалыс барысында бір шипажайды таңдау үшін, ондаған варианттарды саралап шығуға тура келетін кездер болады.
Шипажайдың телефонына тікелей шыққанмен, кейде ол жерде қажетті нәрсе болмай қалуы мүмкін.
Мысалы, ерлі-зайыптылар демалуға барса, әйелі тұрақты гинеколог дәрігері бар шипажайды іздесе, күйеуі балшықпен емдейтін жерді немесе бильярд іздеуі мүмкін.
Қай шипажайдың қандай екенін біліп, оның бүге-шігесіне дейін тәптіштеп айтып беру, оңай шаруа емес. Бір адамға толыққанды кеңес беру үшін бірнеше минут та аз боп қалатын кездер жиі кездеседі.
Қай шипажайда акция, жеңілдіктер бар екенін біліп отыру, біреуі тегін процедура беріп жатса, біреуі тегін экскурсия беріп жатады. Осының бәрінен хабардар болып, білікті кеңес беріп отыру, сауаттылықты, шыдамдылықты, араласу мәдениетін талап ететін, маңызды қызмет.
Кейде демалушы шипажайларды барып өзім таңдап көрем дейтін кездер болады. Ондай жағдайда қызмет сапасы жақсыларына апарып көрсету, рейтингі жоғарыларына алып бару деген де өз алдына бір жұмыс. Кейде бір адамды орналастыру үшін бір күн уақыт кетіп қалады.
Біздің вебсайтымызда әр менеджердің фотосы, аты-жөні, байланы телефоны мен whatsapp номері де жазулы тұрады.
Қызыққан адам менеджерге жеке шығып, кеңес ала-алады.
Менеджермен барудың қандай артықшылығы бар?
Ең бірінші пайдасы, менеджер Сізге көтерме бағамен демалуға жол ашады. Белгілі бір шипажайларға көптеп кісі орналастырып жүргендіктен, оның белгілі бір шипажайлардан алатын көтерме бағалары болады. Алайда олардың рейтингін өзіңіз біздің вебсайтымыздан көріп ала-аласыздар.
Екінші пайдасы, демалыс ойдағыдай болмай, қызмет сапасына көңіліңіз толмаса, шипажай әкімшілігінің жауабы ойдағыдай болмай жатса, менеджеріңізге байланысқа шығып, арыз-шағымыңызды айта аласыз.
Онан бөлек шипажай аймағында біздің Тұтынушылар құқықтарын қорғаумен айналысатын, "Сапалы Таңдау Қоғамдық бірлестігі", жұмыс жасайды.


