

қараша айы, 2025 жыл
Айнұр М.
Номерлері сұрғылт, тар. Емшаралары жақсы. Балалар алаңы бар, есік алдында кешке отыруға болады. Бассейн бар, күніге шомыла беруге болады. Түн ішінде баламен келгем, номерді дайындап қоймапты, алайда мен алдын-ала айтқан болатынмын!
***

маусым айы 2025 жыл
Нури Sunny
Ешкімге баруға кеңес бермес едім! Балалармен 3 жыл бұрын барған болатынбыз. Емдері онша емес, 2 тюбаждың орнына, біреуін ғана жазып берді. Медбикелер ақшаны кассаға емес, өз қалталарына алады. Ал ең сорақысы, ол Бегжанның әкесі. Адекват адам емес. Жеті жасар баламызбен пинг-понг ойнап жатқанбыз. Ракеткаларын беріңдер, сындырасыңдар деп айғайлағаны бар емес пе?
Балалардың кешкі демалысына жағдай жасаудан гөрі, тапқанымыз мынау болды. Сол күні ақ шығып кетіп, басқа жерге барып жайғастық.
Осы пікірді олардың инстаграмдарына жазған болатынмын, олар мені блоктап тастады...
***

шілде айы, 2025 жыл
Нұргүл Ермұханова
Өте жақсы шипажай. Қызметкерлері ілтипатты, кішіпейіл, тамағы дәмді, номерлері таза. Отбасымызбен демалдық. келер жылы да осы шипажайға баруды жоспарлап отырмыз.
***

қаңтар айы, 2025 жыл
Арай
Сырты жылтыраған қонақ үй. Келушілерге берер кеңесім, қалатын барлық күніңізге төлем жасамаңыз, басында 2 күнге ғана төлем жасаңыз. Осы екі күн ішінде барлығымен танысып, қалуға тұра ма, жоқ па, соған көз жеткізіп аласыз. Кішкентай балалармен бұл жерде демалыс мүмкін емес. Аума,ы кішкентай. Жақсы жақтарын айта кетсем:
- тамақтары жақсы (2021 жылы Алтынай шипажайында 5 рет тамақ беретін)
- ешқайда шығудың қажеті жоқ, барлығы бір корпустың ішінде.
Минустарын айтсам:
- бөлмелері 21 шаршы метр
- ыстық су тапшылығы бар, бірінші қабаттың өзінде ыстық су жоқ. Әкімшілікке айтып, шешімін сұрап едік, ұзақ уақыт бойы ашық ұстаңыз деді, солай ұстап едім, 15 минуттан соң ыстық су келді...
- бөлмелері ылғалды
- терезенің қайда қарайтыны белгісіз (жайсыз көрініс)
- қажет емес емшаралар көп
- Біз жеңілдікпен деп 17000 төлеген болатынбыз, сөйтсек, 16000 -ға да жатқандар бар екен.
Баруға тұрмайды, шынын айтайын
***

қазан айы, 2024 жыл
Александр Антипин
Ең бастысы - тамағы жақсы, әралуан, аспаз, даяшы қыздарға мың алғыс.
Орналасуы жақсы, дәріхана да, дүкен де жанынан табылады. Қызметкерлері кішіпейіл, медбикелері тамаша.
Директоры Бегжан үнемі байланыста, сыпайы да қарапайым. Сұрақтарға тез әрі толық жауап береді. Трансфер ұсынады (балаларға ғана тегін, егер 7 күннен артыққа қалсаңыз)
Бассейні тамаша, кішкене салқын, балаларға джакузи бар. Бөлмелер мен ғимаратта таза, жиі тазартады, алайда төсек жабдығы жаман синтетикадан жасалған, аллергиямыз шығып кетті.
Тегін емшаралары бар, алайда олардың пайдасы шамалы. Менің өкінішіме орай, ингаляция кабинеті, массаж бен шаю кабинеттерінде - антисанитария. Құралдары салдырлап қалған, мұрын маскалары лас. Сондықтан бұл емшаралардан бас тарттық.
***

маусым айы, 2024 жыл
Ақмарал Ермекбаева
Мен көптеген шипажайларда болдым. Алайда мынадай жерде бірінше рет болуым. Шипажай үшке зорға тартады. Бүкіл қызметінің ішіндегі іліп аларлығы - тамағы ғана. Оның өзінде 10 күн жатып, бір жеміс жеген жоқпыз (оларда қарастырылмаған екен). Қажет деген емшаралардың барлығы да ақылы. Тегін деген екі сумен жасайтын емшара ғана бар.
Ол аз десеңіз, ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ол комфортты арттырмайтыны белгілі ғой. Кешке қарай көңіл көтеретін іс-шаралар қарастырылмаған. Саябақтан ұзақта орналасқан. Демалушылардың баратын жері жоқ. Тренажер залы мен бассейн деген жоқ.
Брондау кезінде бірінші қабатқа жайғастырамыз деген болатын, алайда келгеннен соң үшінші қабатқа орналастырды. Ауыру аяқпен шығып-түсудің өзі бір мұң ғой. Едендері кафель, құлап қала салу сән (ең болмаса номерге кілем төсеп қойса болар еді). Номерімізде он күн ішінде бір рет те төсекті ауыстырмады. Ылғалды тазарту екі рет қана болды. Жаратқан ақша мен кеткен уақыт зая.
***

маусым айы, 2024 жыл
Қуаныш Қырықбай
Сәлеметсіздер ме?
Маусым айының басында жұбайымызбен барып демалдық. Жақсы жақтарынан бастасам:
- қызметкерлерінің мәмілесі жақсы
- бөлмелері таза
- кондиционер, тоңазытқыш және теледидар бар (кабельді теледидар жоқ, Отау ғана)
- жақсы тамақтандырады
- балконы бар
Минустарын айтар болсам:
- бөлмені аптасына екі рет қана тазартады (алайда төсекті ауыстырмайды)
- душы сынық
- көршілердің дауысы естіліп тұрды
- ауа тазартқыш спрей жоқ
***

қаңтар айы, 2024 жыл
Гүлзат Зейнуллина
Өте ұнады, қызметкерлері кішіпейіл. Бөлмемізге тез орналастырды. Бөлмелері таза, тамағы дәмді, үй тамағындай. Медициналық қызметкерлері білікті де алғыр! Барлығыңызға кеңес беремін!
***

қыркүйек айы, 2023 жыл
Бәке Муслим
Тамақтары дәмді, ағзасын жеңілдетіп алам дегендерге жақсы, порциялары үлкен емес. Спорттық формаңызды сақтаймын десеңіз, сыртта спорттық құралдар бар. Автокөлік тұрағы кең. Минустарына келсек, жеміс-жидек бермейді, үш күн ішінде төсек ауыстырған жоқ, номерімізде тазартқан да жоқ.
***

мамыр айы, 2023 жыл
Мадина Түлкібаева
Ұнамады. Шипажай қожайындары демалушыларға құрметсіздікпен, дөрекілікпен қарайды. Баруға кеңес бермес едім. Тамағы нашар. Емшаралар туралы да алдайды. Ешқандай балшықпен емдеу атымен жоқ. Шипажайда болған уақытта айналып келіп ұрыс-керіс пен себепсізден-себепсіз шығарып тастайм дегеннен басқа бірде-бір жылы сөз бен жақсы тілек естімедік.
Сервисті жақсартудың жолдары қандай, не нәрсе ұнамай тұр? - деген құралпылас сұрақтарды бір адамнан естімедік. Адам сықылды демала да алмадық, үнемі шулап жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатты!
***

қазан айы, 2025 жыл
Жұмабек Есболғанов
Шипажай тамаша! Сыпайы ұжым! Ақпан айының 10 мен 20 аралығында, әйеліммен бірге барып қайттық. Тамағы тоқ та дәмді. Минералды суды қалаған кезіңде іше бересің, уақытпен шектелмеген. Парафин күніге. Бассейні өте ұнады. Кеңес беремін!
***

сәуір айы, 2025 жыл
Гүлнәр Тұрарова
Шипажай өте лас. Бөлмені жинағанда, шала жинайды. Төсекті өзіміз айтып алғызып, өзіміз ауыстырдық. Сүлгілер сол күйі ауыстырылмады. Массажы тіпті сұмдық. Балаға 4000 тг беріп, толық массажға тапсырыс бердік. 10 минуттан соң массаж аяқталып қалды. Мен ол кісіден, неге 10 минут қана деп сұрадым. Ол айтады, балаңыз жылап жатыр деп... жалпы массажды 10 минутта аяқтай салды. Ақшаны алып алғанша Сізбен бәрі сыпайы. Ал ақшаны алып алғаннан соң, Сізге дөрекі сөйлей бастайды. Шипажайда бір аула сыпырушы бар, ол әйелдер бассейнге шомылып жатқанда кіріп, отырып алады. Ал ол дым болмағандай отыра берді. Бұл сұмдық еді. Адам көп, емшараларға кезекке тұрасың. Құдды бір поликлиникадағыдай.
***

***

қараша айы, 2024 жыл
Дала Қызы
Күйеуімізбен өткен жылы демалған болатынбыз. Байқаусызда таңдау жасадық, машинамен барып, бір аптаға демалатын орын қарадық. Люкс номерге тығып жіберуге тырыспаған жалғыз шипажай осы болды. Басқа шипажайларда бірден люкс номерлерін ұсына береді, Стандарт номер жоқ деп. Ал Айсары шипажайы бірден Стандарт номерін ұсынды.
Басқа шипажайлардан шыға бере, артымыздан бір жас жігіттер ере шығатын жүгіріп, кез-келген номер тауып береміз деп. Құдды 90-шы жылдардың рэкеттері секілді.
Шипажайдың басым тұстарына келер болсам:
- сыпайы қызметкерлер, тиянақты әкімшілік, номерлерді күнара тазалайды, бассейні мөлдір, таза. Тамағы 4 мезгіл, әрі сыбағалары да үлкен-үлкен. Мұндай тамақ беріспен күніне 3 рет тамақ берсе де бола береді. Медициналық персонал мұқият та сыпайы. Әкімшіліктің қатаң тәртіп ұстанатыны көрініп-ақ тұр (Астананың поликлиникалары еске түседі). Кешкісін аулаға шығып серуендеп немесе билеп қайтуға болады.
Ал енді минустарына келер болсам:
- Қажет емес емшаралар көп. Минералды ваннаны 10 минут қана береді, ал ол өте аз. Оның өзін циркулярлы душпен араластырып береді. Түкке пайдасы жоқ емшара (циркулярлы душты айтам).
- Гинекологиялық шаю (ваннамен алмастыра салуға болады)
- Дарсонваль (үйде де жасай беретін емшара)
- Тубус-кварц - жергілікті поликлинкада жасай беретін емшара
Шынында керек деген емшаралардың бәрі ақылы. Міне осы жері ұнамай қалды.
Жалпы алғанда жақсы шипажай. Егер емшараларын реттесе, пайдасыз емшараларды алып тастайтын болса, онда жақсы шипажай. Баруға кеңес берер едім. Сарыағашқа минералды суы үшін келеміз. Ал қалғандарын жергілікті поликлиникада да өтуге болады.
***

қараша айы, 2024 ж
Эльмира Жапқараева
Біз aleumet.kz арқылы келдік. Ең жақсы номерді таңдап алдық. Ал келген кезімізде таңдаған номеріміз болмай шықты. Неге? - деп сұрағанымызда, шипажайда ондай номер жоқ екендігін айтты. Жарнамаға әдемі суреттерін қойған, айғайлап тастады дағы, бізге басқа номер берді. Ол жерін тарақан басып жатыр. Бізге ұнамады. Бассейн жоқ деді. 14 күн жатамыз деп барған едік, 7 күннен кейін шығып кеттік
***

қараша айы, 2024 жыл
Әлия Житенова
Кеш жарық! Баруға кеңес бермес едім. Сервисі нашар, жайлы емес. Асханасы нашар дәмханадан бетер, сүттің орнына құрғақ, бөлмелерде сабын жоқ. Жейтін майы аздау, жеміс-жидек жоқ, айраны ашып кеткен. Бір сөзбен айтқанда көңіліміз қалды.
***

қараша айы, 2024 жыл
Анар Алиакпарова
Антисанитария! Шок болдым дегеннің өзі жеткіліксіз... барлығы лас, жақсылап тазартпайды, бірнеше рет қайталап айту керек. Емшара кезінде жайма төсеніш, жастық тысы ауыстырылмайды. Ресепшендегі ерлі-зайыптылар мәселелерді сыпайы түрде шешкісі келеді. Алайда ересектеу кісі олардың әкесі ме дедім. Дөрекі, тұрпайы, пациенттерге зекіп сөйлейді. Мына жерде неге әңгімені көбейтіп тұрсыңдар дегендей...
Косметолог дегенің өз алдына бір әлем. Салғырт, ашулы, бетімізді массаж жасағанда алғаш рет жасағандай сезілді, техника мен тәжірибе дегеннен жұрдай.
Құдайға шүкір, тамағы жақсы болды әйтеу. Дәмді. Көңілімізден шыққан жалғыз заты, осы тамағы болды. Номерлер салқын болды, судың қысымы әлсіз, шомылу қиынға соқты (
***

қараша айы, 2024 жыл
Ақмарал Қуандықова
Тамаша сервис, клиенттерге жақсы қызмет көрсетуге бүкіл персонал мүдделі екен. Асханасы ұстамды, емшара түрлері көп-ақ. Персонал клиенттердің барлық қажеттіліктері мен еркеліктерін көтеріп жүр. Егде кісілерге қамқорлықпен қарайды екен. Ата-анамызды қорықпай жібере беруге болады. Күтіп алып, орналастырады екен. Рақмет. Барлығына келуге кеңес берем
***

қазан айы, 2025 жыл
Бану Аяпберген
Нашар!
***

қазан айы, 2025 жыл
Светлана Д
Матрастары ыңғайсыз. Жатқан кезде серіппелері денеңе батып, сезіледі. Төсек жабдығы синтетика, дақтары бар. Жастық тысы жастықтың өзінен шағын. Номерлердегі жылы су дегенің - қам жылы ғана. Шифоньері сықырлап тұр, есіктері жабылмайды. Орналасқан бетіміз осы. Кешірек тағы жазармын
***

қыркүйек айы, 2025 жыл
Батыр Батыр
Тамағы, қызметі барлығы орташа деңгейде.
Тура көкністің ортасында отырып, қияр помидордан салат болмады ғой. Капуста сәбізбен, фунчоза сәбізбен.. осыны 10 күн бойы берді. Медициналық қызметкерлер жетіспейді. Пайдаланылған құралдар сол қалпы қайта таратылып жатыр - дезинфекция жасалмай.
Ақшасын төлеп қойғасын, құр жаттым, ем алмадым. Ем алам деп бірдеңе жұқтырып аламыз ба деп...
Бұрын Ақжайықта болғам - тамағы мол, көкөніс, жеміс күнде беретін
***

қыркүйек айы, 2025 жыл
Меруерт Батырхан
Демалысым керемет өтті! Тамақтары дәмді, бөлмелері таза, бассейн жылы әрі ерлер мен әйелдерге бөлек. Анаммен бірге бардық, риза боп қайттық. Қызметкерлері доспейіл. Сіздерге табыс тілеймін. Тағы да оралсам деген ойым бар
***

тамыз айы, 2025 жыл
Жаннат Ниязбаева
Бәріміз тамаша демалдық. Қызметкерлері сыпайы. Тамағы жақсы, диеталық
***

тамыз айы, 2025 жыл
Мейрамгүл Ғылманова
Керемет шипажай
Ата-анамызбен қатар біз де ем алдық.
Ата-анамызға уақыт бөліп, бірге жүрген қандай бақыт?
***

шілде айы, 2025 жыл
Ахмет Нағымов
Емшарадан бастап, қызмет сапасы ортадан төмен. Тамағына келер болсақ, үнемі ашқұрсақ жүрдік. Қызмет сапасы өте төмен
***








