
қазан айы 2025 ж
Асқар Ахметов
Дархан шипажайының адамдары дөрекі, әсіреке дәрігері Рано деген қыз шап-шап етеді, жап-жас болып алып. Онымен қоймай, Дархан қабылдайды деп, басқа жерге жібереді. Ешқандай ем-дом жоқ. Бармаңыздар
***

2022 жылғы пікір
Біржан Сақымбеков
Шипалы суы бойыңа қуат береді. "Ем болсын" деген жылы сөзі жаныңа шуақ төгеді
***

мамыр айы, 2025
Диана Аханова
Бәрі тамаша, респшеннен басқа. Бізді нашар күтіп алды. Басында бізге басқа жерге келдіңіздер деп айтты. Мен анаммен және баламен едім. Енді не істейміз деп сұрасам, ол менің проблемам емес, деп жауап берді. Мамыр айында болдық. Асханасы тамаша, номерлері керемет, емшаралары да тамаша. Алайда мына адам мені шок етті. Сол үшін бір жұлдызын алып тастадым.
***

қыркүйек айы 2025 ж
Нигора Юлдашева
Ең үздік шипажай
***

тамыз айы, 2025 ж
Индира Жандарбекова
Өте керемет шипажай. Барып демалуға кеңес беремін.
***

шілде айы, 2025 ж
Марат Абдуғалиев
Жақсы шипажай, маған ұнады. Тамағы жақсы
***

шілде айы, 2025 ж
Динара
Бір сөзбен айтқанда, керемет шипажай. Бүткіл қызметкерлеріне алғысым шексіз. Көп рахмет Сіздерге!
***

шілде айы, 2025
Өтегүл Исабекова
Сарыағаштағы мықты шипажайлардың бірі. Тамақтары өте жақсы, дәмді, әралуан әрі құнарлы. Тағы бір жақсы жері, әртүрлі ем қабылдағанда, басқа шипажайлардағыдай әр ғимаратқа барып жүрмейсің, сол бір корпустың ішінде жүресің. Суықтап қалмайсың өте жақсы. Маған ұнады
***

Тамаша қызмет көрсету. Тамағы жақсы. Емдері де тамаша. Барлығы жоғары деңгейде. 100% баруға кеңес берем. Жоғарғы сапа!
***

мамыр айы, 2025 ж
Татьяна
2025 жылдың мамыр айында демалдық. Өте ризамыз. Шипажай жаңа, таза, қарауы жақсы. Заманауи интерьері көз қуантады. Лифт болғаны тіршілігіңізді жеңілдетеді. Әсіресе емшараларданкейін. Медициналық персоналға келетін болсақ, олар тамаша. Елгезек, сыпайы, білмегеніңді лезде түсіндіріп, таппаған жеріңді тауып береді (алғашқы күндері бұл өте керек). Тамақтары керемет, алуан түрлі, дәмді пісірулер. Осы шипажайға баруға кеңес берем!
***

сәуір айы, 2025 ж
Жанар Құсайынова
Керемет шипажай! Барлық емшара ғимараттың ішінде, тамақтары дәмді, іші таза, ем алу құралдары заманға сай! Физио, массаж, емшара бөлмелері, ішек тазалау, минералды ванна, парафин және т.б. Дәрігер Рано және басқа қызметкерлер кішіпейіл, қолдарына дерт бермесін! Шипажай заманға сай, демалуға барған адам өкінбейді!
***

қазан айы, 2025 ж
Құралай
Құрбыммен барып, ем алдық. Барлығы жоғары деңгейде. Тамағы жоғары деңгейде. Тамақтарын үйдің тамағындай жедік, дәмді. Барлығы балғын, дәмді, үйдегідей. Ем үшін бас дәрігер Ұлходжаева Рано ханымға ерекше алғыс білдіреміз. Әр пациентке ерекше ықыласпен қарайды. Жай ғана дәрігер емес, жан дүниесі кең адам екені көрініп тұр. Осының арқасында келушілер саны да мол. Өз абыройын ойлайтын шипажай екендігі көрініп тұр және сол абыройды сақтап қалу үшін жақсы әрекет жасап та жатыр.
Содан болар, орынды алдын-ала брондап қою керек. Қызметкерлері кішіпейіл, ұқыпты, мейірбан. Табыс тілеймін, сәттілік пен өркендей беріңіздер!
***

Келетін жер емес. Сені адам деп санамайды, емделгенде айғайлап, тағы басқа жеріне апарып тастайды екен, бұрынғы жеріне. Алғанымызға өкініп қалдым.
***

қазан айы, 2025 ж
Сәкен Насыров
Дархан деген келетін жер емес екен, дөрекі қыздары, әсіресе Рано деген қыз шап-шап етеді. Төбеде құдай бар, соны ұмытпа. Әке-шешемізді қабылдамай басқа жерге апарып тастады, дұрыс емес қой.
***

қазан айы 2025 жыл
Navigating
Дарханға орын алдық. Әке-шешеме, өтірік бізге емес, орын жоқ деп бір басқа жерге әкеліп тастады. Ішіндегі қыздар жап-жас, шап-шап етеді. Үлкендерге дұрыстап түсіндіріп айтса болады ғой. Келіп керек емес, адам құрлы көрмейді, ештеңесі де ұнаған жоқ. Әкем ренжіді, осындай жерге келемін деп ойладым ба деп. Тегін ем сұрап тұрған жоқпыз ғой деп. Келетін жер емес.
Дархан дегенге жоламаңыздар
***

ақпан айы, 2025 ж
Раушан Ахматова
Өте таза, жайлы орын. Тамағы дәмді. Қызмет көрсетуі керемет. Барлығыңызға осында келуге кеңес берем.
***

2023 жылғы пікір
Раушан Омарбекова
Керемет, Анам екеуміз Дархан шипажайында демалып келдік. Демалысымыз керемет өтті. Бәрі ұнады.
***

2022 жылғы пікір
Мерей Майданұлы
Алдын-ала бронь жасағанбыз. Келсек, біздің бөлмені басқа кісілерге беріп қойған. Келер алдында бір күн бұрын сөйлестік, бәрі дайын келе беріңіздер деп алдады бізді. Келгесін, алыс шеттегі корпусқа жатқызып қойды. Үлкен кісілерді өздерін жіберіп едік. Сақ болыңыз мына шипажайдан. Адам алдайды.
***








