Негатив аралас пікірлер:

шілде айы, 2025 жылы
Жандос Адисбеков
Ешкімге баруға кеңес бермес едім. Қызметкерлері өте тұрпайы, асханасы нашар, санитария - тазалық деген жоқ. Екі сағаттан кейін кетіп қалдым. Төлеген ақшамның 30% ұстап қалды. Құдайға тапсырдым. Ақшаға мұқтаж жандар болар...
***

маусым айы, 2025 жыл
Мырзабек Бақыт:
Бронь жасағым кеп еді, болмады. Менеджерлер жауап бермейді. Хабарламалар жауапсыз қала береді. Өте нашар...
***

Барлығы ұнады, сауық кешінің болмай қалғаны болмаса... Біз болған жеті күннің ішінде бірде-бір әуен қойылып, би болған жоқ. Адамдар басқа шипажайларға барып билеп кеп жатты
***

мамыр айы, 2025 жыл
Айя Аркенова:
Тамағы өте нашар. Тамақтан үнемдейді. Тазалық жоқ.
***

наурыз айы, 2024 жыл
Раушан Т.
Сарыағаш шипажайында демалу бұрыннан арман боп жүр еді. Осы шипажайға бардық. Шын мәнінде күткендегідей болмады. Бұлар сервисті жақсарту үшін әлі талай еңбек етулері керек. Тамақтану өте әлсіз ұйымдастырылған. Санитарлық нормалар мен ережелер сақталмайды. Қолданылып жатқан саймандарды тиісті әдіспен тазарту деген атымен жоқ. Қайта келместей болдық.
***

қыркүйек айы, 2024 жыл
Айгүл Әлімжанова
Шипажай жарнамасына сай емес. Айтылған емшаралардың жартысы жоқ. Пайдалы-ау дегендері қосымша ақыға жасалады. Гигиеналық тазартуды мүлдем жасамайды. Мысалы, маған ингаляция жасалды (аппараттың ішіне менің терім мен сілекейім ақты). Ештеңені ауыстырмастан, тазартпастан келесі адамды менің орныма отырғыза салғанында, менің көзім алақандай болды.
Емшара бөлмесіндегі жаймаларға ақша үнемдейді. Гель целлофанның үстін сүртіп тазартпастан, адамдарды арты-артына жатқыза береді, т.т.
Тамағының да мазасы жоқ: берген жемістері толық піспеген, шағын-шағын ғана. Арзан салаттарды (сәбіз, орамжапырақ, әрі кетсе қызанақ пен қияр) табақшаға жаға салады.
***

қазан айы, 2025 жыл
Жаман шипажай, асханадағы тағамдарының ұсқыны бір, дәмсіз. Интернеті өте баяу. Асханада тазалық сақталмайды.
Жалғыз жақсы қызмет ететін бірінші қабаттағы санитар келіншек пен ресепшен. Алайда ресепшенде бір әдемі қыз отырады. Әрең сөйлейді, керігіп...
***

тамыз айы, 2025 жыл
Гүлнара Шитая
Рауан Нұры шипажайында демалған болатынбыз. Келген беттен дөрекі сәтсіз болды. Қабылдауы дөрекілеу болды, таксиге өзіміз төледік, ешқандай трансфер көрмедік. Екі бөлмелі номерге үш кісіні жайғастырды. Тар бөлмелер, ешқандай жайлылық байқамадық, душтың пердесі жоқ, кішкентай сабын алқындысынан басқа жуыну құралдарын бермейді. Жуынуға келмейді.
Қызмет сапасы нөлге тең. Барлығына бірдей тамақ беріледі. Диета деген атымен жоқ. Тоғыз күн ішінде 4 рет қана жемістен ауыз тидік. Екі рет піспеген қышқыл алма берген еді, онысын ешкім жемеді. Екі рет бір шабдалыдан берді.
Төсек орын, сүлгі ауыстыру деген атымен жоқ. Кушеткаларды өңдемейді, бір реттік жаймаларды сұрап алмасаң, бермейді.
Ең қарапайым емшаралары ғана тегін жасалады. Қалғанының бәріне қосымша ақы алынады. Жалғыз жағымды жағы, Аружан мен Гүлбахар деген медбикелердің қызметі - сыпайы, мұқият, барлығын түсіндіріп айтады.
***

Рауан Нұры шипажайының жауапсыздығына куә болдық. Осыдан екі ай бұрын Алтынай есімді менеджермен келісіп, ақшасын төлеп, ата-әжемізді пойызға мінгізіп жібердік. Пойыздан түсуіне 1 сағат қалғанда шипажайда орын жоқ деп ата-әжемнің денсаулығына әсерін тигізді. Өте өкінішті, Алтынайға және Рауан Нұрына сенбеңіздер!
***

тамыз айы, 2024 жыл
Алим Темірбеков
Өте нашар қызмет, дөрекі қызметкерлер, кеңес бере алмаймын. Бір нәрсе айтса жылдам істей қоймайды. Мүлдем кеңес бермес едім.
***

шілде айы, 2025 жыл
Несібелі
Осы орынды Инстаграмнан таптым. Брондау кезінде ең жақсы номерлерін көрсетеді. Ал шын мәнінде, душтың жағдайы өте нашар - тышқанның иісі шығып тұр. Бір кісіге демалып емделу ақысы 190 000 деп айтылады. Алайда, керек емшараның барлығы ақылы болғандықтан, емделу құны 250 000 - 300 000 теңгеге айналады
***

желтоқсан айы, 2024 жыл
Сәнді Сағын
Қазанның біріне Рауан Нұрына брон жасадық. Әсем деген турагент Шымкенттен күтіп алып, үйіне қондырып, санаторийге жеткенше тегін такси болады деді. Солайша таңертең таксиге отырғызып жіберді. Таксист болса, жолкіре төлейсіздер деді, төледік. Онда тек аферистер екен, алдап шақырып алу басты мақсаты. Бәрі сол ақшаға кіреді деп алдайды.
Рауан Нұрында қызметкерлері өте дөрекі. Тамақтарын айтпай-ақ қояйын. Емшаралары болмайтын емшаралар. Керектінің бәрі қосымша ақша. Қысқасы, баратын жер емес.
***

қазан айы 2025 ж
Саламат Құсанов
Барлығы жақсы болды
***

қаңтар айы, 2025 жыл
Iris Erika
Рауан Нұры шипажайына қазан айында құрбыларыммен барып демалып қайттық. Сыпайы қызметкерлер, жақсы тағамдар, номерлері таза, ал ең бастысы, емшаралары керемет! Жігіттер, жарайсыңдар және шипажай директорына алғысымды білдіремін. Жазда міндетті түрде келеміз!
***

қыркүйек айы, 2025 жыл
Салтанат Әлиева
Таза, ұқыпты, жақсы тағамдар. Күнделікті тазартып отырады. Көңілімізге дық түсірген нәрсе, ресепшендегі қызметкерлердің қарым-қатынасы мен асханадағы шикіл сары қыз...
***

шілде айы, 2025 жыл
Нұрлан М.
Демалыс пен емделу үшін өте жақсы орын. Қызметкерлер өз жұмысын біледі. Тамағы дәмді
***

қаңтар айы, 2025 жыл
Қанат Мырзагелді
Рауан Нұры жақсы шипажай. Бізге өте ұнады. Біз әйелімізбен демалдық. Қызметкерлері керемет. Барлығыңызға сәттілік!
***

маусым айы, 2025 жыл
Зарина Исаева
Ата-анамыз бүгін сонда кетті.
Ресепшендегі қыз құдды бір біз үшін жұмыс істейтіндей. Сыпайылық жоқ, тіпті ұнамаса ақшаларыңды алып, басқа шипажайға кете беріңдер депті.
Адамдар басқа өңірлерден ем алу үшін келеді, ал мұнда оларды басқаша қабылдау күтіп тұрады.
Асхананың қайда екенін де айтып, көрсетпеген, ата-анам асхананы иісімен іздеп тапқан. Бұл не масқара?
Алдында сөйлескен қызға жазып жатырмын, жауап жоқ. Басшылықтың байланысқа шығып, осы мәселені шешуін сұранамын.
***

қаңтар айы, 2025 жыл
Бек Ислам
Рауан Нұры шипажайына сертификат сатып алдық. Автокөлікпен күтіп аламыз, шипажайға дейін тегін апарамыз және басқаларын уәде еткен болатын. Ал шын мәнінде не жүргізуші, не машина жоқ. Таксистің толғанын күтіп отырдық...
***

тамыз айы, 2025 жыл
Жазира Мұхаметжанова
Қызметкерлері өте дөрекі және бейәдеп. Төлем жасап болсақ та, дәрігердің қабылдауына талон бермеді. 40 градустық ыстықта басқа шипажай іздеуден басқа амалы қалмады. Ол жерге баруға мүлдем кеңес бермеймін
***

желтоқсан айы, 2024 ж
Әділхан Дүйсебек
Рауан Нұры шипажайы ұнады. Әрине жетілдіретін тұстары да бар. Дамуына тілектеспін
***

шілде айы, 2025 жыл
Нұрлан М.
Өте жақсы жер, ем алуға да, дем алуға да. Персонал өз жұмысын біледі. Тамақтары дәмді








