Байланыс | Біз туралы
Дұрыс бронь жасаудың жолы қалай?

Біріншіден: шипажайдың өзіне немесе менеджермен хабарласасыз.

Жасырын демалушы болып, демалыс жайлы пікір білдіріп, арнайы жеңілдік бағамен демалам десеңіз, бізбен байланысыңыз.

Екіншіден: шипажайдың өзіне тіке шыққаныңызға көз жеткізу үшін, біздің сайтымыздағы шипажайдың номерімен салыстырып аласыз.

Ресми деген инстаграм парақшаны, картадағы номерлер мен сайттарды өзге адамдар да жасай алады.
Ал біз, номерді қойғанда тексеріп барып қоямыз, номерлер ауысқан жағдайда уақтылы ауыстырамыз.

Менеджерлермен хабарлассаңыз, ол адамның біздің менеджерлер тізімінде бар екендігіне көз жеткізіп алыңыз. Болмаса, алданып қалу ықтималдығы бар.

Шипажайды таңдағаннан соң, тек шипажайдың өз есепшотына аударыңыз. Ол ақшаны аудармас бұрын, Жария офертамен танысып шығып, сол жердегі броньға ақша төлеу мен оны қайтару шарттары егжей-тегжейлі жазылуы тиіс. 

Мысалы, броньға 10000 теңге салсаңыз, 20 күн бұрын броньның күшін жоям десеңіз, сома толығымен қайтарылады.

Егер 10 күн бұрын кері қайтарам десеңіз, 50% қайтарылады, ал 5 күн бұрын бармай қалатыныңызды айтсаңыз, соманың 50% ұсталып қалады деген секілді.

Ал бронь қойып алып, демалысқа келмей қойсаңыз, төлеген сомаңыз қайтарылмайды деген шарттар да орын алады.

Бронь жасалғаны туралы нақтылау формасы, шипажайдың өзінен болуы керек. Араағайын турагенттерден жіберілген броньды нақтылау Сіздің демалысыңыздың орын алатынына кепілдік бере алмайды.

Нақты бір оқиға: 
8 адамның атынан бронь жасалған, 104 000 теңге. төленген. Адам басына 13 000 теңгеден. Алайда, 8 адамның төртеуі ғана бара алатын боп отыр. Төленген 104 000 теңгенің 52 000 теңгесін турагент жоққа санай салмақ. Ал бронь қойған кісі жалпы демалыс сомасына енгізейік дейді. Турагент оған көнбей отыр.

Шипажайлық бронь

Осындай жағдайлар орын алмауы үшін, біздің тізімдегі менеджерлерге ғана тапсырыс беріңіз, сосын, шипажай тарапынан жасалатын Жария Оферта болуы керек.

Санаторий Дархан Сарыагаш видео Санаторий Дархан Сарыагаш ТикТок Санаторий Дархан Сарыагаш телеграм Санаторий Дархан Сарыагаш соцсети Санаторий Дархан Сарыагаш соцсети инстаграм

Бонустық процедуралар

 

Сарыағаш шипажайларына жеңілдікпен жолдамалар!

 


 

 


Бас бет

Шипажайлар

Пікірлер

Байланыс