Сарыағаш курорттық демалысының өзіндік ерекшеліктері бар. Қарапайым қонақүйде тек ас ішу мен қона жату секілді параметрлер қарастырылатын болса, шипажайда емшара сервисі, тамақтың дұрыс таңдалуы, дәрігерлер мен медбикелердің қызмет сапасы да назарға алынады.
Көптеген демалушылардың пікірінде емшара орындарының тазалығына, емшаралардың құрамына, медициналық қызметкерлердің біліктілігі мен этикасына сын айтып жатады.
Оның үстіне емшара бөліміндегі тазалық, тәртіп пен қызметтің ұйымдастырылуына да айтылатын сын баршылық.
Шипажай қызметін дұрыс ұйымдастыру шынтуайтына келгенде оңай шаруа емес.
Көптеген факторларды назарға ұстап, қызмет сапасын үнемі бақылауды талап етеді.
Осы жерде басшылық құрамның атқаратын қызметі ерекше.
Ендеше, курорттық қызмет көрсетуде жоғары сапаға қол жеткізген ұйымдарды атап көрсетіп, оларды марапаттауға тұрарлық.








